Жастарды дамытуға арналған жоба


03.04.2021

Өткен аптада облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, Елбасы қоры мен дарынды жастар мен көшбасшыларды қолдау және дамытуға бағытталған «Ел үміті» бастамасы аясында өткізілген «Елбасы медалі» жобасына Қарағанды облысынан 219 үміткер қатысып, 6 ай мерзімде білім мен біліктерін жетілдірді. Нәтижесінде өткен жылдың желтоқсан айында 10 оқушы, бүгінгі кезеңде 124 оқушы, барлығы 134 оқушы марапатқа ие болды.

«Елбасы медалі» жобасына 14-29 жастағы жас қарағандылықтар таланттар мен дағдылар, спорт, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, эскпедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы бағыттары бойынша қатысты.

Аталмыш жоба әр қатысушыға қиындықтарды жеңіп, әр түрлі салада өзін жүйелі түрде дамыта алатын, көшбасшылық қабілеті бар, үйлесімді тұлға қалыптасыруға бағытталған жоба.

«Елбасы медалі» жобасына Үштөбе тірек мектебінің 11-сынып оқушылары Сабина Қуандықова, Айбол Сакошев, Кәмилә Сарбасова, Айнұр Қарашұлақова, Дильназ Түсіпбекова қатысып, медальдармен марапатталды.

 

А.Көшкінбаева,

аудандық білім

бөлімінің әдіскері



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?