Рәміздер туралы білу қажет


06.06.2020

4 - маусым  - Мемлекеттік рәміздер күні

Менің атам зейнеткер журналист. Ол кісі егеменді еліміздің жүріп өткен тарихын жақсы біледі, маған сол құндылықтардың үнемі мән-мағынасын түсіндіріп отырады, ол аса құнды елдігіміздің басты мұрасы және ерекше символы деген еді. Әрбір толыққанды елдің қабылданған рәміздері болады. Бірінші - ол мемлекеттік ту. Біздің туымыз тік төртбұрышты көгілдір аспан түстес мата, оның сол жағында ұлтық нақыштағы тігінен түсірілген ою-өрнек, ал ортасында алтын түстес күн шуағын шашып тұр, сәл төменірек айбынды құс патшасы - қыран бүркіт еліміздің аспанындағы мәңгілікке беттеген сенімді мақсат мүддесін білдіреді. Авторы өнегелі өнер қайраткері - Шәкен  Ниязбеков атамыз.

Мемлекеттік тудың қадірі өте үлкен, өйткені оны бар әлем жұртшылығы мойындаған. Сондықтан да шет елдерде мемлекет басшысы сапарлары кезінде және үздік спортшыларымыз жеңістің биік тұғырын бағындырғанда ғана көтеріледі және еліміздің Әнұраны орындалады.

Ал Қазақстан Республикасы Елтаңбасында көкшіл түс аясындағы әсем шаңырақ бейнеленген. Ол алтын түстес, одан шұғылалы уықтар тараған, ал оң жағы мен сол жағында қанатты тұлпар орналастырылған, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазуы бар. Мемлекеттік Елтаңба барлық мекемеде арнайы әсем тұғырларда ілінеді, заң күші бар іс-қағаздарда рәсімделеді, бұл әдемі рәміз біздің мақтанышымыз. Елтаңбамыз сәулетшілер Жандарбек Мәлібековпен Шот-Аман Уәлиханов аталарымыздың ерен еңбегі.

Ал ақиық ақынымыз Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңге арнайы саз жазған халқымыздың сүйікті композиторы Шәмші Қалдаяқов. Бірінші рет Әнұранымыз ретінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен алғашқы рет 2006 жылы 11 қаңтарда орындалды.

Мен еліміздің  рәміздерін ерекше мақтан етемін, Әнұран орындалғанда оң қолымды кеудеме қойып қосылып айтамын. Өйткені бұл біздің басты тарихи құндылығымыз, айрықша айтылуы елдігіміздің басты белгісі, сондықтан да барынша құрметтеуіміз керек және бұл рәміздердің ерекше заңмен қорғалатынын бәріміздің білгеніміз жөн.

 

Қасым Аманжол,

Елтай орта мектебінің

5 а сынып оқушысы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?