Үгіт-насихат тобы - ауданымызда


26.05.2023 16:05

Мамыр айының 24-жұлдызында кентіміздегі Мәдениет үйінде Қарағанды қаласынан келген бір топ қызметкерлер – ақпараттық түсіндіру тобы аудан тұрғындарымен, мекемелер мен бөлімдер мамандарымен ашық диалог алаңында кездесті.

Мамыр айының 24-жұлдызында кентіміздегі Мәдениет үйінде Қарағанды қаласынан келген бір топ қызметкерлер – ақпараттық түсіндіру тобы аудан тұрғындарымен, мекемелер мен бөлімдер мамандарымен ашық диалог алаңында кездесті.

Кездесуді ішкі саясат бөлімінің бас маманы Толқын Жұмабекова ашып, сөз кезегін Қарағанды облысы «Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік басқармасының медиация және этносаралық қатынастар саласындағы мониторинг және талдау басқармасының басшысы Айжан Аутайқызы Дүйсекееваға берді. Бұдан басқа Қарағанды қаласынан келген тағы бір қонақ, заңгер-адвокат, «Медиация және қақтығыстарды шешу институтының» кәсіби медиаторы Гүлнар Аманқұлқызы Алшымбаева, Қарағанды Тұтыну Одағы Университетінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясы әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының меңгерушісі Нұргүл Ерқанатқызы Тутинова, кентіміздің орталығындағы «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының директоры Айша Таймасқызы Сүлейменова болды.

Диалог алаңында этносаралық шиеленістің алдын алу, саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың жұмысын күшейту, әр түрлі топтарды бір ортақ мақсатқа біріктіру жолында Қарағанды облысындағы 64 этномәдени бірлестіктер осы уақытта қаншама жұмыстарды атқарғаны айтылды. 

Гүлнар Аманқұлқызы медиацияны сотқа жеткізбей мәселелерді шешу жайына тоқталды. Бұрынғы кездегі ақсақалдар кеңесі дегеннің аналогы болып отырған медиация бүгінгі күні дау-шарға түскен екі жақтың дауын екі жаққа да тиімді болатындай етіп шешуге күш салады. Медитор екі жақтың да мүддесін қорғап, оларға тиімді жағдайларға жетуге еңбектенеді. Аты сан рет өзгергенмен медиация қазақ халқы үшін жат дүние емес. Медиация сотқа дейінгі тәртіпте және азаматтық, еңбек, отбасы, басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын дауларда, отбасы тұрмыстық қарым-қатынас сипатындағы  әкімшілік дауларда, жеңіл және ауырлығы орташа қылмыс санатындағы істер бойынша қарастырылатын дауларда кеңінен қолданып жүр. Бұл бітімгершілікті насихаттау бағытындағы жұмыстарды тоқтатуға болады деген сөз емес, медиация рәсімі дауласушы тараптарды татуластырып, қаржылық шығынды азайтып, барынша жылы қатынастарды сақтаудың, ең бастысы, дауды шешудің ең ұтымды жолы екені жете түсіндірілді осы кездесуде. 

Осы күнгі баяндама жасаған қызметкерлердің барлығы ұлттар мен этностар,ұжымдағы, т.б. арасындағы шиеленісті жағдайларды шешу үшін атқарылып жатқан жұмыстардың қоғамымыздағы көріністері жайында тартымды әңгімелеп берді. Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентінің орталығындағы «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының директоры Айша Таймасқызы Сүлейменова ауданымызда атқарып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды. Орталық 2020 жылдың күз айында ашылып, осы уақытта көп балалы аналардың сенімді қорғаушысы мен тірегіне айналып үлгерген. Мекемелерге барып, түрлі шаралар өткізіп, жеңімпаздарды марапаттап, ауданымыздың өңірін дүбірлі мерекелерге толтырып жүрген орталықтың жұмысына аудан тұрғындары дән риза.  Әрбір ана, әрбір бала қорғаулы, олардың тұрғын үйлермен қамтылуы, балабақшаға кезекке тұруы – осы адамдардың жауапкершілігімен жүзеге асырылуда.

Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Қазақстан Республикасы- ның «Медиация туралы» Заңының қабылдануы өркениет көшіне батыл бет түзеген, біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісін көрсетуде.

Бұл – қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата-бабалар тағылымын, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасаған батыл да уақытылы қадамдарының бірі, оның тиімділігін көзімізбен көріп, құлағымызбен естіп жүрміз.

Осы кездесуге жиналған мамандар өз жұмыс орындарына мол ақпарат алып қайтты деген ойдамыз. Ауданымыздың әрбір тұрғынына медиация тақырыбын түсіндіріп, уақыт бөліп келген үгіт насихат тобының жұмысына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Қ.Ахметова

 

Д.Торжановтың суреттерінде: Г.Алшымбаева; Н.Тутинова; залдан көрініс.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?