Мың мамандық бәрі бар, таңдап-талғап бірін ал


26.05.2023 16:02

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек

Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.

Мамыр айының 18-күні Амангелді орта мектебінің биылғы жылғы түлектерінің болашақта өз мамандығын дұрыс таңдай білуіне бағыт бере отырып, еңбекті сүюге, адам еңбегін құрметтеуге, бағалауға тәрбиелеу, мамандық түрлерімен таныстыру мақсатында  «Мың мамандық бәрі бар, таңдап-талғап бірін ал» атты кітапханалық журфикс өтті.

Онда болашақ мамандық иелеріне арналған «Мамандық таңдау маңызды» атты көрме-ақпарат дайындалып, көрмеге түрлі мамандықтар жайында көптеген деректер қойылды. Жас ұрпақтың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беруге Амангелді орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Р.Балхашева, әкімшіліктің бас маманы Б.Мусина, психолог маман Ш.Жалбырова, бастауыш сынып мұғалімі А.Үрпекова, ауыл медбикесі С.Қисап және клуб меңгерушісі Ж.Хасенова арнайы шақырылды.

Барлық мамандық иелері өз пікірлерін ортаға салып, қазіргі уақытта сұранысқа ие мамандықтар туралы айтып, жасөспірімдерге бағдар берді. Әкімшіліктің бас маманы Бахыткүл Паникетқызы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығынан келген ақпараттармен бөлісті. Онда әр түрлі мамандық бойынша қысқа мерзімді 2-3 айлық оқу барын айтты. Оған әрине, қолдарында бір мамандықтың құжаты болу керек екені, егер де үйлерінде мамандығы бола тұра жұмыссыз отырған аға-әпкелері болса, хабардар етулерін сұрады. Балалар да өздері қалаған мамандықтарының сұранысқа ие екенін де айтты.

Болашақ мамандық иелерінің қандай мамандық таңдағандарын анықтау мақсатында 10 сұрақтан тұратын «Қандай маман болуды армандайсың?» атты сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша балалар қоғамға пайдалы «Тіс дәрігері», өрт сөндіруші, дәнекерлеуші сияқты мамандықтарды таңдайтындары жайында анықтап жазып берді. Түлектеріміздің  таңдауларына тәнті болдық.

Сонымен қатар балаларға Қарағанды қаласындағы түрлі мамандықтар жайында ақпараттық парақшалар дайындалып, таратылды. Шара соңында қонақтарымыз болашақ мамандарға өздерінің жүрекжарды лебіздерін айтып, алдағы уақытта қалаған мамандықтарының иесі болуға шын жүректен тілектес екендерін айтты.

Г.Дүйсембек,

Қарақұдық ауылдық кітапханасының кітапханашысы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?