Қаңғыбас иттерді аулау туралы


02.02.2023 15:36

Қарағанды облысының ветеринария басқармасының «Бұқар жырау аудандық ветеринариялық станциясы» шжқ КМК-на бүгінгі күні ауыл тұрғындары тарапынан қаңғыбас иттерді аулау туралы көптеген өтінімдер мен шағымдар түсуіне байланысты келесіні хабарлаймыз:

Қарағанды облысының ветеринария басқармасының «Бұқар жырау аудандық ветеринариялық станциясы» шжқ КМК-на бүгінгі күні ауыл тұрғындары тарапынан қаңғыбас иттерді аулау туралы көптеген өтінімдер мен шағымдар түсуіне байланысты келесіні хабарлаймыз:

ҚР-ның «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» 2021 жылдың 30 желтоқсанындағы №97-VII ҚРЗ Заңнаманың 2022 жылдың 2 наурызынан бастап негізгі нормаларының қолданысқа енгізілуіне байланысты аудан бойынша қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары тоқтатылды.

Заңға сәйкес, иттерді өлтіруге ешкімнің құқығы жоқ. Бұрын көше кезген қаңғыбас иттер жансыздандырылып, өлекселері өртеліп, мал қорымына тасталды. Жаңа тәртіп бойынша иесіз иттерді аулап, арнайы пана-жайда ұстау қажет болғанымен, ауланған иттер мен мысықтарды уақытша ұстау изоляторы, вольерлер немесе питомниктар жоқ.

Алайда, қолданыстағы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңның 15-бабы, 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес:

 4) жануар (жануарлар) адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және (немесе) жануарлар адамның, жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда жануарларды жансыздандыруға жол беріледі.

Осыған орай, қаңғыбас иттер адамның өміріне, ауыл шаруашылығы жануарларының саулығына қатер төндіретін жағдайларда, тұрғылықты жер бойынша учаскелік полиция қызметкерлеріне өтініш жазып, кейіннен қаңғыбас иттерді аулау маманы учаскелік полиция қызметкерінің қатысуымен аулау жұмыстарын жүргізеді.

 

«Бұқар жырау

аудандық

ветеринариялық

станциясы»



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?