«Ел мен жердің сақшылары!»


25.06.2022 10:41

Отыз жыл бұрын, дәл осы күні ішкі істер органдары туралы заң қабылданып, Қазақстан полициясы құрылды

Отыз жыл бұрын, дәл осы күні ішкі істер органдары туралы заң қабылданып, Қазақстан полициясы құрылды. Ал 2007 жылдың осы күні Қазақстанда «Полиция күні» ретінде бекітілді. Содан бері үздіксіз тойланып келеді. Бұқаржыраулықтар да өз батырларын лайықты түрде құттықтап,  мереке иелеріне арнап аудандық мәдениет үйінде әсем кеш өткізді.

Осы бір мамандықты таңдаған жандардың әр күндері қауіпке толы және де өзіндік тәртіпті талап етеді. Өйткені, олардың міндеттері қылмыспен және заң бұзушылықтармен күресу ғана емес, сондай-ақ билік атынан лайықты әрекет ету болып табылады. Көпшілігі осы мерекені қызмет үстінде қарсы алатыны да анық.

Кеш иелеріне арналған шара ашылу салтанатын жариялаған қос жұп жүргізушілердің сөзінен соң сөз аудан әкімі Аймақов Сержан Жанабекұлына берілді.

- Құрметті полиция қызметкерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңіз, Қазақстандық полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан Республикасының Полиция қызметі жүйесі 30 жылдың ішінде ұзақ қалыптасу жолынан өтті. Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіздігінің құрылуы мен нығаюына  қосылған елеулі үлестермен және оның тарихымен мақтануға болады. Полициядағы қызмет батылдық пен шыдамдылықтың көрінісі. Күнделікті жұмыстарыңызда өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызға қауіп төндіре отырып сіздер әрқашан абыроймен және кәсібиліктеріңізбен өз міндеттеріңізді орындайсыздар.

Сіздердің құқықтық тәртіпті орнатуға және қамтамасыз етуге, адамдардың бейбіт өмірін қорғауға, мемлекеттік мүдделерді сақтауға, мүлік пен халықтың қауіпсіздігін  қорғауға, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған күш-жігерлеріңіз мемлекет тарапынан жоғары бағаланады, - деген сөзімен ыстық лебізін білдірді және осы орайда марапатталғалы тұрған қызметкерлерге сый-сияпатын табыстады.

Осы күні бірқатар қызметкерлер «Аудан әкімінің құрмет грамотасы» және төс белгісімен, аудан әкімінің алғыс хатымен, Ішкі істер басқармасының 30 жылдық мерекесіне арналған төсбелгілермен марапатталды.

Марапаттау рәсімі аяқталған сәттен мерекелік концерт басталды. Аудандық мәдениет үйі және «Қали Байжанов» атындағы коцерттік бірлестігі қызметкерлері бірлесіп думанды кеш өткізді. Қуат Дүйсенов және Ербол Аршынбаев сынды қос әнші «Батырлар ұраны» әнін орындап, қызметкерлердің рухын көтеді. Сұлу қыз Әсел Қарабаева «Легкой джазовой походкой» әнімен көрермендерді билетті. Осы лекті «Ата толғауы» күйін скрипкамен Людмила Пропищан, «Гүлдер» бишілер тобының «Корей» биі, Сергей Стефановичтің орындауында «Ва-банк» фильмінде кездесетін саунд-трек, Ербол Алшынбаевтың орындауында «Түрлі арман», Гүлмира Серікқызының орындауында «Қайдасың» әні, Қуат Дүйсеновтың орындауында «Армандастар» әні, Сергей Стефановичтың аспаптық композициясы «Рок-н-ролл» жалғады және кештің соңғы әні «Мерей» триосының орындауында «Туған жерім тамаша» әні болды.

Бұл күн тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан ардагерлерге және осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс білдіру күні болып саналады.

Еліміздің қорғандары – полиция қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілейміз. Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында табысты қызмет ете берулеріңізге тілектеспіз.

Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай!

А.Ерубаева

Д.Торжановтың суреттерінде: ұрпақтар сабақтастығы - кешегі және бүгінгі сақшыларды марапаттау.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?