Жұмыс сапарымен – біздің ауданда


18.09.2021 06:42

Қыркүйек айының 16-жұлдызында Бұқар жырау ауданына жұмыс сапарымен облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Оспанова келді.

Тәуліктің екінші жартысында аудандық мәслихат хатшысы А.Әли, Қ.Оспанова, кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Б.Жаңбырбаев, облыстық Жастар қанатының төрағасы Е.Хамитов, аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Изатова т. б. Ақбел ауылына жол тартты.

Ақбел ауылының біршама жастары ауылдың мәдениет үйінде жиналыпты. Карантин талаптарын сақтай отырып, жылы амандықтан соң Асхат Сағадиұлы тұрғындарды келген қонақтармен таныстырып, келесі сөзді Қадиша Базарбайқызына берді. Ол кісі осы ауылдық округіне әкімдікке «Нұр Отан» партиясынан Бахтияр Жаңбырбаев ұсынылып отырғанын, жоғары орындар қазіргі таңда жастардың  басшылық қызметке қабылданғанын қолдайтынын айтты.

Елімізде тағы бір ілгерілеу байқалады, ол билік басындағы азаматтардың бұқара халыққа басшылық жасаудың тізгінін жастарға, сонымен бірге нәзік жандыларға беруге деген талпынысы. Аудан өңірінде біршама жастар қызметтерінің барысында өз идеяларын жемісті жүзеге асырып жүргеніне куә болып жүрміз. Б.Жаңбырбаевтың туған ауылы осы Ақбел, туған ауылы үшін қандай да адам болмасын жанашырлықпен жұмыс істейді деген ой қорытамыз.

Мәдениет үйінен шыққан соң қонақтар Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арнап қойылған ескерткішке, сонан соң осы ауылдың «Достар» шаруа қожалығының Қарасу деп аталатын жеріне барып, жиын-терін науқаны қалай өтіп жатқанымен танысты, басшы Қ.Молдабаевпен сөйлесті.

Биылғы жылдың аптап ыстығы өсімдіктерді сарғайтып, жандырып жіберді. Алты ай жаз бойына тамшы жауын тамбай, елімізде қуаңшылық орын алды. Шаруа адамы ауа-райына, табиғатқа ренішін білдірмейді, жер ананың бергенін алады. Бір жыл екінші жылға ұқсамайтын болғандықтан, келесі жылға үмітін артады. Және жермен жұмыс жасауға үйренген адам ешкімнен қол жайып ештеңе сұрамайды, тек өзіне, алақанындағы қаражатына сенеді.

Қайрат Молдабаевтың шаруашылық жүргізіп отырғанына 20 жыл уақыт болыпты. Ол өзіне-өзі басшы, жылдың бір мезгілінде толас таппайтын шаруашылығын дамытып, үлкен тәжірибе жинап алған азамат. Ол елімізде шикізатты өңдеу нысандарының жоқтығын айтады, малымызды алып сатарларға өткіземіз, ал олар біздің бір бас малымыздан екі бас малдың қаражатын шығарып алады дейді. Бұл ауданымыздың, тіпті еліміздің қаншама шаруа адамына ортақ мәселе.

Дән жинау жұмыстары қызу жүргізілуде, осылайша берекелі күз айының керемет көрінісін суретке түсіріп алдық.

Келген басшылар барған жерлерінде ауылға қатысты қандай мәселелер бар екенін сұрады, сұхбат құрды, үкіметіміздің шаруа адамына жасап жатқан қамқорлығы жөнінде айтып, бағыт нұсқады.

Қ.Ахметова

 

Д.Торжановтың суреттерінде: мәдениет үйінде; егінжайдағы кездесу.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?