Тағы бір мәрте жол мәселесі


17.10.2020 06:43

Үштөбелік тұрғындардың ауыл ішіндегі Ленинград, Мир көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарының сапасына байланысты шағымдары қаралуда.

Тұрғындар шағымдары бойынша Департамент өкілдері, облыстық жол активтерінің сапасы жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын мен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Жұманов, мердігер “Стандарт1” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары С. Далибековтерден құралған комиссия тексеріс жүргізді.

Тексеру жұмыстары барысында тұрғындардың көрсетуімен асфальт жолдың әртүрлі учаскелерінен сынамалар алынды. Жолдың ені мен қалыңдығы сметалық құжаттамалар стандартына сай келеді. Атаулы жұмыстардың нақты нәтижесі дүйсенбіде белгілі болады.

Б. Жакешова

 

Суретте: сынама алу сәттері.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?