Хабарлама


12.05.2023

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңі өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау Бұқар жырау ауданының ішкі саясат бөлімінде Ботақара кенті, Қазыбек би көшесі, 60а (екінші қабат) мекенжайы бойынша, сондай-ақ, кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында конкурс басталғаны туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай ішінде қажетті құжаттармен қоса жүзеге асырылады.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары «Buqar juraý jarshysy» аудандық газетінің ресми сайтында http://bjj-gazeti.kz/ жарияланған.

Толық ақпаратты 8 (72 154) 2- 15- 05 телефоны бойынша алуға болады.

                                                                                  Ұйымдастыру комитеті

 

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсты өткізу мақсаттары:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын тану;

2) бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және қарт ата-аналарына қамқор болуын танымал ету және кеңінен насихаттау;

4) қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.

2. Конкурсқа өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.

3. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысатын отбасылар жіберіледі.

4. Конкурсқа:

1) қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;

2) бұрын сотталған мүшелерібар  отбасылар қатыспайды.

5. Конкурсты өткізу форматы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты (онлайн, оффлайн немесе гибридті форматта) айқындалатын болады.

 

2 тарау. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

 

6. Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдаған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар болып табылады.

7. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жыл сайын 15 мамырдан кешіктірілмей жарияланады.

8. Байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық).

9. Жергілікті атқарушы органдар мүдделі мемлекеттік органдар, тіркелген заңды тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен өткен жылдардағы конкурс лауреаттары қатарынан облыстарда, қалаларда, аудандарда конкурс жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады, сондай-ақ ол туралы ережені, конкурсты іріктеу өлшемшарттары мен өткізу форматын бекітеді.

10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы Қағиданың қосымшасына сәйкес 15 мамырдан 15 маусымға дейін әкімдіктердің аудандық (қалалық) комиссияларына қағаз және (немесе) электрондық нұсқаларда нысан бойынша беріледі қосымшасымен беріледі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерін ұсынады;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4) ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;

6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың (кемінде екі) ұсыным хаттары);

7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;

8) қоғамдық пайдалы қызметке қатысқанын растайтын құжаттардың (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) көшірмелері);

9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру арқылы жүзеге асырылады.

Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.

Аудандық (қалалық) комиссия құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда өтінім ұсынылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді.

11. Құжаттар Бұқар жырау ауданының ішкі саясат бөліміне Ботақара кенті, Қазыбек би көшесі, 60а (екінші қабат) мекенжайына ұсынылады. Электрондық пошта ovp_bj@mail.ru, анықтама телефоны 2-15-05.

11. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кеш ұсынған отбасылар конкурсқа қатыспайды.

12. Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

13. Ұйымдастырушылар мыналарды қамтамасыз етеді:

1) барлық отбасылар үшін тең жағдайлар және оларды іріктеудің ашықтығы;

2) жеке құпия болып табылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;

3) конкурс нәтижелері туралы мәліметтерді ресми жарияланған күннен бұрын жарияламау.

14. Материалдарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) комиссия жеңімпаздарды анықтау үшін 15 маусым мен 30 маусым аралығында отырыс өткізеді және хаттамалық шешіммен 2 отбасын айқындайды. Аудандық (қалалық) конкурста жеңіске жеткен 2 отбасының конкурстық құжаттары 1 шілдеге дейін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) комиссияларға жіберіледі.

15. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялар аудандық (қалалық) конкурста 1 шілдеден 15 шілдеге дейін жеңіске жеткен отбасылардың құжаттарын қарайды және хаттамалық шешіммен 1 жеңімпаз отбасы айқындалады.

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.

Жеңімпаз отбасының конкурстық құжаттары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 16 шілдеге дейін жолданатын болады.

Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) кезеңге қатысушыларды марапаттау рәсімі өткізіледі.

Жеңімпаз отбасының облыс (республикалық маңызы бар қалалар, Астана) басшылығымен жеке кездесуі ұйымдастырылады.

16. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 19 шілде мен 30 шілде аралығында жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар циклін дайындау үшін телеарнаға материалдар жібереді.

30 шілде мен 15 тамыз аралығында телеарна өкілдерінің өңірлерге шығуы ұйымдастырылады. Жергілікті атқарушы органдар осы уақыт ішінде жеңімпаз отбасылар туралы телесюжеттер түсіруге жәрдемдесуі және тиісті жұмыстар жүргізуі қажет.

16 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында телеарна бойынша жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар топтамасы көрсетіледі.

17. Үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде комиссиялар мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:

1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңыздылығы (Отбасы тарихы – визит карточкасы – таныстыру рәсімі);

2) отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлер;

3) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;

4) балалары мен немерелерінің жетістіктері (бар болса);

5) ата-аналардың рөлдік модель ретіндегі жетістіктері;

6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің – бір аумақта бірге тұратын бірнеше ұрпақ өкілдерінің саны);

7) отбасының таланттары;

8) отбасының өмір салты (салауатты өмір салты, бос уақыт);

9) қоғамдық-пайдалы қызметке қатысу (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық және т. б.).);

10) жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік.

18. Комиссияның әрбір мүшесі отбасыларды балдық жүйе бойынша бағалайды (1-ден 10-ға дейін).

Критерийлердің бірі бойынша ақпарат болмаған жағдайда, бұл критерий бағаланбайды.

Баллдардың жалпы саны тең болған жағдайда түпкілікті шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

19. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда, комиссия мүшесі бұл туралы комиссияға хабарлайды және дауыс беруді өткізуге жіберілмейді.

20. Конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

21. Конкурс лауреаты атағы қайта берілмейді.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?