Үш жаңа облыс


11.06.2022

Қазақстанда үш жаңа облыс пайда болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 4 мамырдағы Жарлығы 8 маусымда күшіне енді.

Аумағы бойынша Ұлытау облысы ең үлкендердің бірі, ол екі ауданнан тұрады – Жаңаарқа және Ұлытау және үш қала – Жезқазған, Қаражал, Сәтбаевтан тұрады.

Жез өндірісінің орталығы – аумақтың әкімшілік орталығы болды. Жаңа облыстың тұрғындары 226 мыңды құрауы керек.

Абай облысы  Шығыс Қазақстан облысынан бөлініп алынды. Кеңес кезінде оның аумағында Семей облысы орналасқан. Аумақтың астанасы  Семей қаласы болды.

Облыстың құрамына  сегіз аудан – Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар  аудандары, сонымен бірге екі қала -Семей және Курчатов енді. Облыстың тұрғындары 640 мың болуы керек.

Алматы облысынан бөлініп алынған Жетісу облысы да адамдардың көп қоныстанған өңіріне айналды. Әкімшілік орталығы Алматы облысының бұрынғы орталығы –Талдықорғанда орналасты. Облысқа сегіз аудан және екі қала – Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов,Сарқан аудандары, Талдықорған және Текелі қалалары кірді.

Қ.Ахметова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?