Өзіңді өзің тануың - ұрпақ алдыңдағы парызың


25.11.2021

Мемлекеттік тіл – менің тілім

Бүгінгі таңда шетелдік оқымыстылардың еңбектеріне жүгініп, солардың психологтары мен дәріс оқығыштары, ұят пен обалды білмейтін, негізін түсінбейтін, тек ақша табу жолын үйреткіштердің фәлсапасын тыңдауға үйір болып алдық.

Ол қазақтың мінезіне, өмір сүру салтына, әлемтануына келе ме, жоқ па, онда шаруа жоқ. Қазақи  тәрбиеден безініп, өзіңнің ата-бабаң ұстанған діннен алыстап, обал, сауап, ұят  болатынның ауылын алыстатып алғанымыз, біздің ұрпақты қайда бастап бара жатқанын ойлау қорқынышты болып тұр.

Бүгінде ешқай елде жоқ «Тәубә» деген ұғымның құны жоқ, өйткені адамнан адамның айырмашылығы, артықшылығы дүниеге деген ұғым қалыптасты. Қайтқан адамның жаназасында, құран асында молдалар адамға жолдас болатын оның істеген жақсы амалы ғана дегенді жиі айтса да, Абай атам айтқандай Алла емес дүние дос болып барады, хайуанға бір табан жақынбыз. Егер ақыл мен ғибратты іздесең, қалай адаспай өмір кешем десең өз ата-бабаңның жазғандарын оқы. Сен керемет көріп, бас иіп жүрген кей шетелдік ғалымдардың жаңа айтып, жаңалық қылып жүргеннің бәрін сенің атаң баяғыда айтқан, білген.

Сол Бұқардан, Абайдан, Мөңке тағы да басқа би-шешендерден жаныңа керегіңді табасың және сол айтқандарының  әлі күнге өзектілігін жоғалтпағанына, көрегендігіне тіпті әулиелігіне еріксіз басыңды иесің. Саған тек оқып, өзіңді тануың керек. Өйткені сен солардың ұрпағысың, жалғасысың.

Ол үшін өз ана тіліңді, бай да көркем тіліңді жетік біл. Қазақ тілін білетін Бұқардың өсиеттерінің,  Абайдың өлеңдерінің мағынасына жете алатын ой, тіл қабілетің болса, сен философсың.

Осындай  ұлы  бабалардың  ұрпағы  бола тұра, өзімізді өзіміз танымағандықтан бейшара күйге түсуіміз, екінші сортты, өзгенің көзімен, өзгенің тілімен әлемді тану сорлылық және үлкен әділетсіздік.

Балаға ат қойғаннан бастап, әр нәрсенің атауын өз атымен атасақ, бұрынғы жер-су  атауларын қайтарсақ, әрқайсының не үшін берілгенін білсек, өзіңді тануға жасаған үлкен қадам болар еді. Идеологиялық  тұрғыдан ескірген елді мекен, жер-су атауларын ауыстыру - ол да заман талабы.

Кезіндегі солақай саясаттың кесірінен бізге жат атаулар, Қазақстанға үш қайнаса сорпасы  қосылмайтындардың аттары беріліп, ескерткіштері қойылып, ұлықталды. Кейбіреулері тарихтың өзгермейтін келбетіндей әлі тұр. Ел болып, қазақстандықтар болып, осыларды өзгерту, тарихи атауларын қайтаруға жұмыс істеуіміз керек. Сол арқылы  рухымызды  жаңғытуымыз керек.  Бұл біздің тәуелсіздікті алған тарихи сәттің куәсі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығының  куәсі болып отырған ұрпақтың келер ұрпақ алдындағы парызы. Олай болса парызымызға адал болайық.

А.Оспанов,

аудандық мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімінің басшысы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?