«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»


27.01.2021

Мемлекеттік тіл - менің тілім

Қазақ ақыны Жұбан Молдағалиев «Мың өліп, мың тірілген» деп жырлаған дана халқымыз сан ғасырлар бойы талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірсе де, ана тілін - қазақ тілін, бай мұрасын саф алтындай сақтап, аса қадір тұтып бізге мұра етіп қалдырды.

Сондықтан, бүгінгі ұрпақ - біз ана тілімізді келешек ұрпақ үшін сақтап, жоғалтпай, оған қиянат етпей, аса қадір тұтуға тиістіміз.

Әкенің қанымен, ананың сүтімен дарыған ана тілімізде шұбарламай сөйлеп, оны қадірлеп, қастерлеу біздің басты міндетіміз! Өз тілін шұбарлау барып тұрған әдепсіздік,  сорақылық, аяқ асты ету деп есептеледі.

Қазақ тілінде сөйлемейтін не шұбарлап сөйлейтін адам  қазақилықтан, мұсылманшылықтан кенжелейді. Қазақ тілін білмей, ұлтжандымын, патриотпын деп айту артық сөз. Мұндайларды кездестіргенде Константин Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік» деп ашына айтқанымен толықтай келісемін.

«Тілімізді кіршіксіз таза ұстап, қыз жасауындай жайнатуға тиістіміз» деген ұлы ғалым Шоқан Уәлиханның сөзі бүгінгі бізге де тікелей қатысты. Демек, келешек ұрпақ, жалынды жастарымыз тек өз ана тілінде сөйлеуі тиіс. Ахмет Байтұрсынов та «Ұлттың ұлт болып сақталуы мен жоғалуына себеп болатын халықтың өзі. Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп кесіп айтқан.

«Тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық!

 

Тоғжан Мырзақанова,

Калинин орта мектебінің

қазақ тілі және қазақ

әдебиеті пәнінің мұғалімі



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?