Жаңа әліпби - өркениет жолы


17.10.2020

Қазан айының 9-ы күні “Zoom” платформасында аудандық мекеме қызметкерлері арасында “Қазақ жазуы және латын графикасы” атты онлайн семинар өтті. 

Жиынды ашқан ресурстық тіл орталығының оқытушысы Фариза Боранғазы кириллицадан латын әліпбиіне көшуіміздің маңыздылығына тоқталып өтті.

- Латын графикасына өту арқылы біз басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйренуді ыңғайлы етеміз, әлемдік ақпараттық кеңістікке бейімделуді оңтайлы қыламыз, білім, ғылым, өндіріс саласына еніп жатқан жаңа технологияға қол жеткіземіз, түркі тілдес халықтардың мәдениетімен, ұлттық дәстүрімен ортақтасуға мүмкіндік аламыз, қазақ тілін таза қалпында сақтап қаламыз, - деді Фариза Боранғазы.

2017 жылы қазан айының 26-сында бекітілген әліпбиге байланысты қоғам арасында дау-дамай туындаған болатын. Десе де, мамандар бұған дейін әліпбиде толықтырулар болатындығы жайлы айтып өтті. Қазіргі күні латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің өзгертілген нұсқасы қазақстандықтарға жол тартты. Әлі де бекімеген әліпбидің алғашқыға қарағанда өзгешелігі көп. Мысалы: қазақтың төл әріптері ә, ө, ү, ұ – ä ö, ü, ūдеп белгіленсе, у әріпі u жай ғана болып таңбаланады. Ал, дауыссыз әріптер қ, ң, ғ – q, ñ, ğ болып жазылса, ч, ш, щ әріптері бір таңба – ş болып таңбаланады. И, й әріптері – і болып, төл әріпіміз і – ı болып жазылатын болады. Көп дауға ұшыраған х, һ әріптері – һ болып қалады.

Ұсыныстағы жаңа әліпбиде бревис, макрон седиль, тильда диакриттік таңбалары қолданылады. Мамандардың айтуы бойынша жаңа әліпбиді үйренуде диакриттік таңбалардың көптігі қиындық тудырмайды. Себебі, кириллица әліпбиінде де түрлі таңбаларды белгілейміз.

Сондай-ақ, семинар барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің латынға жауапты әдіскері Ақерке Талап қатысушылармен сабақ жүргізіп, берілген сөздердің қатесін тауып, жазу жұмыстарын жасады.

Б. Жакешова

Суретте: ұсыныстағы әліпби нұсқасы.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?