Діни экстремизмнің алдын алу шаралары


30.07.2022

Қарағанды облыстық дін істері басқармаларының жанындағы орталық қызметкерлері  «Экстремизм-терроризмге қарсы іс-қимылдың 2018-2022 жылдарға» арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында және облыстық жылдық жоспарға сәйкес, 26 шілдеде Бұқар жырау ауданына келіп ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Қазақстан халқына Жолдауында терроризм қатерінің өрши түсуі жағдайларындағы мемлекеттің қауіпсіздік ахуалы әлемнің дамыған елдердің бірі ретіндегі одан әрі дамуы мен қалыптасуы оның күші мен қабілеттігінің өлшемі болып белгіленді.

Әлемде болып жатқан геосаяси өзгерістер ұлттық қауіпсіздік саласында неғұрлым түрлене бастаған және үлкен қауіптілік көздері тарапынан болатын сын-қатерлер мен тәуекелдердің жаңа спектріне бастамашылық етеді. Діни экстремизм мен терроризм қатерлерінің жүйелі алдын алу аясындағы міндеттердің күрделілігі мен өзектілігі осыған негізделген.

Ағымдағы жылдың 26-шілдесінде Қарағанды облыстық дін істері басқармаларының жанындағы орталық қызметкерлері  «Экстремизм-терроризмге қарсы іс-қимылдың 2018-2022 жылдарға» арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында және облыстық жылдық жоспарға сәйкес, Бұқар жырау ауданына келіп «Coworking centr», «Өрт сөндіру» бөлімі, «Аудандық орталық аурухана», дүкендерге және «Аудандық мәдениет үйінде», ауданымыздың жастарына, еңбек ұжымдарына, денсаулық сақтау қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне , жеке кәсіпкерлерге және де мемлекеттік қызметкерлер мен мәдениет саласында қызмет етушілерге ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық насихат жұмыстарын психолог, республикалық дін мәселелері бойынша аймақтық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Мұқан Сәуле Мұратқызы, Қарағанды облыстық дін істері басқармаларының жанындағы орталық жетекшісі Далабаева Гүлнар Бакенқызы жүргізді.

Аталған ұйымдар мен қызметкерлеріне Қазақстандағы діни экстремизм мен терроризмнің жалпы жағдайы, экстремизм мен терроризмнің айырмашылығы туралы бейнематериал көрсетіп, жаңадан ойлап тапқан әдіс тәсілдерінен біршама мысалдар келтіріліп, осы топ өкілдерінің құрығының құрбаны болмау үшін қауіпсіздік шараларын атап өтті. Қарағанды қаласының тұрғыны болған, қауіпті топтың құрсауына ілініп заңсыздықтар жасап темір тордың ар жағына тоғытылған жанның сұхбаты көрсетілді. Осы бейнематериал баршамызды ойға салды.

Ерекше елең еткізер ақпараттарының бірі Қазақстандағы экстремизм мен терроризм сөзсіз діни сипат алады деп кесіп айту – қате және әдепті емес. Бірақ, бұл жерде, тәжірибе көрсеткендей, қолайлы және тиімді болып табылатын жалған дінилік бүркемелену-«бетпердесін» пайдалану айғағы даусыз. Оған дәлел ізі суымаған «Қаңтар қырғыны» оқиғасы. Ол жерде дін мәселесі қозғалған жоқ, бірақ терроризм орын алды.

Қазақстан өз тарапынан аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, сонымен қатар, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнату үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Қазақстан өзі мүше болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында да халықаралық экстремизммен күресін жалғастыруда.

Қорыта айтқанда жаңа заман жағдайында, яғни конфессиялық топтардың саяси қайшылықтары кезінде жоғарыда аталған мәселелер ерекше маңызға ие және оларды еңсеру барысында Қазақстанның саяси-құқықтық құрылымы мен ұлттық ерекшеліктері есепке алынып отыруы тиіс.

А.Ерубаева

Ж.Макишевтың суреттерінде: баяндамашының лекциясын тыңдау жастарға ой салды.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?