Ақпараттық-насихаттық жұмысы


18.09.2021

Қыркүйек айының 14 жұлдызында Ботақара кентіндегі Мәдениет үйінің кіші залында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына орай ақпараттық насихаттық топтың жұмысын Бұқар жырау аудандық жастар ресурстық орталығы коммуналды мемлекеттік мекемесінің кеңес беру және әдістемелік-ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.Колоскова ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша мекеме мен ұйымдар қызметкерлерімен өткізді.

Жиналған қызметкерлер бұл Жолдаумен алдын ала танысып, жүргізушімен сұхбат құруға дайын болып келді.

- «Бүгінгі әлем қауіп-қатерлерге толы. Ол жаңа шақырулар мен қиындықтарға тап болады. Таяу жылдарда әлем архитектурасы бұзылады. Экономика құлдырауға жақын болады» деген Н.Назарбаевтың сөздерін үнемі назарда ұстауымыз керек. Қазақстан – эпицентрде, орталықта орналасқандықтан, оған да үлкен қауіп-қатер төнуі мүмкін. Біздің мемлекетіміз осы қауіп-қатерлер орын алғанда қиындықтан шығу жолдарын осы бастан ойланып, жұмылуымыз керек.

Қазіргі таңда барлық мемлекет дамып, гүлденуде. Олардың ішінде ерекше Ресей, Қытай, Үндістан мемлекетін атап өтуге болады. Америка болса басқаларға үстемдігін жүргізгісі келеді. Орта Азияда, Қазақстанда моджахедтердің ұйқыдағы ошақтары орын алған.Олар да күтпеген жерден ұйқыдан оянып, қауіпті қозғалыстарын бастап жіберуі мүмкін.

Қазіргі таңда миллиондаған ауғандықтар өз елінен, тәлібтерден қашып жатыр. Олар өздеріне қандай қауіп төнгенін біледі, сондықтан өз баласы мен жарын кеш болмай тұрғанда қауіпсіз жерге алып кетіп, тыныштықта өмір сүруді армандайды. Біздің елде бұндай қауіп жоқ, біз оқтың ысқырғанын, бомбаның жарылғанын, терезенің жойқын жарылыстардан сынғанын көрмейміз де естімейміз.

Гүлденіп келе жатқан Ливия мемлекеті біздің көз алдымызда жермен-жексен болды. Тунис, Египетте де ешкімге кажеті жоқ революциялар өтті. Сирия мемлекетіне біздің елімізден қаншама жас баласы бар отбасы ұшып кетті. Оның санын ешкім білмейді. «Жусан» операциясының аясында қаншама отандастарымыз елге қайтарылды, ол жақта отбасылар көптеген қиындықтарға ұшырады, от-жалын көрді, қызу шайқастарға араласып, отбасы мүшелерінен айырылды. Бүгінде елімізге қайтарылғандар ондай отбасылар қорқынышты түстен оянғандай әсерде жүргендеріне тоқталады. Біздің еліміз үшін Ауғанстан жерінде болып жатқан оқиғалардан қауіп-қатер төну мүмкіндігі бар екендігін жастар мақұлдады. Қазіргі таңда террористік актілер біздің көз алдымызда өтіп жатады, сондықтан  әрбір азамат өз отбасында сіңірген тәрбиесін негізге ала отырып, өз ұлтының құндылықтары мен салт-дәстүрлерін насихаттап, жүрген жерінде достықты, татулықты, ұлттар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға үлесін қосуы керек, - деп С.Колоскова саяси жағдайға тоқталды.

Жер шарында орын алған қауіпті індет қаншама жанды о дүниелік қылды. Тұрғындардың вакцина алуға деген көзқарасы әртүрлі. Вакцинаға байланысты ақпараттарға саясат араластырылған, иммунолог пен вирусологтарды тыңдап отырсаң, олардың айтары бір басқа, шенеуніктердің айтары бір басқа. Вирустар туралы толық зерттеулер жоқ.

Оның соңы қалай болады, біз бәріміз одан хабарсызбыз. Ол туралы білу үшін әлі бірнеше жыл керек. Адамдар жалған ақпараттарға сенгіш, сондықтан вакцинаны қабылдағысы келмейді. Осыны негізге алып отырып, адамдарды бір-бірімен араз қылдыру, ұрыстыру және соғыстыруға дайын адамдар бар екені ақиқат. Сондықтан, билік басындағылар тарапына сенімсіздік туады, осы сенімсіздік жайлаған қоғамды бір-біріне айдап салып, түрлі революциялар жасап, билікті орныннан кетіру қаупі орын алып тұрған кезеңде өмір сүріп отырмыз. Бүкіл әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы да бізді вакцина алуға шақырады.

Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында адам оқу орнын тәмамдағанша, оның алған білімі қоғамға пайдалы болмай қалады, сондықтан адам әрқашанда білімін жетілдіріп, әртүрлі мамандықтарды игеруі керек дейді.

Жер-жерлерде жергілікті қоғамдастық мүшелері жұмыс жасайды, олар елді мекендерінде жасалып жатқан жұмыстарды бақылап, сапалы болып тапсырылуын қадағалайды. Әрбір тұрғын биліктің жұмысының олқы тұстарын және оны сапалы жасау үшін не істеу керектігін айтып береді деген ақпараттар алдық.

Бұл күнгі ақпараттық насихат жұмысы тыңдаушыларға көптеген мағлұмат берді.

Қ.Ахметова

 

Т.Торжановтың суретінде: ақпараттық жұмыс барысы; белсенді қатысушылар.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?