Тартымды кездесу


19.10.2019

Өткен аптада мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру аясында аудандық ішкі саясат бөлімі мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі облыстық Департаментімен бірге «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта ақпараттық-түсіндірме кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы Алтынай Сүлейменованың жүргізуімен өткен кездесу қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Тыңдарман аудиторияны келген қонағымызбен таныстырған«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы басшысының бірінші орынбасары Марат Нұрланов кездесуді ашты. Өз баяндамасымен ортаға көтерілген қонағымыз баршамызға таныс қоғамның ауыр індетіне айналған сыбайлас жемқорлық жайында түсіндіріп, атаулы мәселені мүлде басқа қырынан ұғынуымызға ықпал жасады. Жемқорлыққа байланысты газет-журналдардан оқып, көгілдір экраннан естіп, түрлі баяндамаларда тыңдап жүрген ақпараттар біз үшін әбден жаттанды болып бара жатқан секілді. Ал, Алтынай Сүлейменованың жасаған баяндамасы адамның ішін пыстыратын ақпаратты емес, біз білмеген жаңа ақпарат көзін ұсынды.

Сыбайлас жемқорлық жайлы түсінікті біз естіп, жаттап алған әдемі сөздермен емес, өмірімізде кездесетін іс-әрекеттермен түсіндірген баяндамашымыз аудиториямен жұмыс жүргізді. Сонымен қатар тыңдаушының назарын бірден аудартатын ескі кино желісінен алынған үзінділер арқылы жемқорлықтың қанша уақыт өтсе де әлі де өзекті мәселе екендігін санамызға сіңірді.

Мәслихат хатшысы Асхат Әли, ардагерлер кеңесінің төрағасы Төкен Арбабаев бастаған мемлекеттік қызметкерлер, этно-мәдени бірлестік мүшелері мен жастар қатысқан кездесу тыңдарманына ақпараттық парақшалар таратты. 

Тыңдаушының назарын жемқорлыққа байланысты бекітілген Заңнамаларға аударту арқылы, өзгешеліктерді ұғынып, түсінуге ықпал туғызған Алтынай Сүлейменованың баяндамасын аудитория ерекше қызығушылықпен тыңдады. Кездесу соңында тыңдармен өзі алған ақпаратты қорытындылап, ойымен бөлісті. Біз күнделікті қатысатын мәнсіз, нәрсіз жиындардай емес, қызықты әрі тартымды өткен кездесу үшін тыңдарман атынан М.Нұрланов өз алғысын білдірді.

Б.Жакешова

Д.Торжановтың

суреті



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?