Жылдам хабар жеткізер


10.10.2020

Жиинбекова Мейрамгүл Рымбекқызы аудан орталығы Ботақара кентінде пошташы болып қызмет атқарады. Жеке басымызға келетін хат-хабар, газет-журналдарды ауа-райының құбылма мінезіне қарамай уақытылы әкелетін Мейрамгүл Рымбекқызы өз саласын сүйіспеншілікпен орындайтын жандар қатарынан.

2005 жылдан бастап «Қазпошта» мекемесінде қызмет атқарып келе жатқан кейіпкеріміз бүгінгі күні пошташылар қызметінде біраз жеңілдіктер жасалып жатқандығын айтады. Таңғы сағат тоғыздан мекеме ұсынған велосипедке мініп Энергетиктер, Қазыбек би, Абылай хан, Бұқар жырау, М.Әуезов, Жамбыл, Доскей, Нұра, Төле би, Нұркен Әбдіров көшелерінде орналасқан біраз тұрғын үйлерді аралап, газет-журнал таратып үлгеретін Мейрамгүл Рымбекқызы пошташы қызметі шыдамдылық пен тиянақтылықты қажет етеді дейді.

- Мен өз ісімді сүйіспеншілікпен орындаймын. Жаз айларында велосипедпен жүрсек, қыста жаяу жүруге тура келеді. Газет-журналдарды тағатсыздана тосатын тұрғындарымыз бар. Жазғы уақытта уақытымен жұмысымды орындап тұрамын. Тек қыс айларында борандарда сәл қиналып қалып жатамыз. Кей тұрғындар тоқтатып өз алғыстарын айтып жатады, бұл үлкен жауапкершілік жолындағы ең жоғарғы баға деп білемін, - дейді Мейрамгүл Жиинбекова.

Қарыштап дамып келе жатқан ғаламтор желісі қанша жерден қолайлы болса да, пошташылар қызметі жоғалмасы анық. Газет-журнал, хат-хабарды асыға тосатын оқырмандарымыз оған дәлел бола алады. Қазан айының тоғызы күні аптап ыстықтарда, қақаған аяздарда ел қажетін ашу үшін қызмет атқаратын пошташылардың кәсіби мерекесі дүниежүзілік деңгейде аталып өтеді. Осынау ауыр саланы меңгеріп, күделікті көше-көшені жаяу аралап, физикалық, моральдық тұрғыдан шаршайтын пошташылар қызметін жоғары бағалайтындығымызды жеткізе отырып, алғысымызды айтамыз.

Б.Жакешова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?