Электронды қызмет - заман талабы


10.04.2021

Елімізде электронды үкімет құру идеясын Елбасы өзінің республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енгізу туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында мемлекеттік қызметтердің 2020 жылы кемінде 90 пайызын электронды форматқа көшіру туралы тапсырма берген болатын.

Бүгінде мемлекеттік қызметтің  тізілімде 698  атауы бар. 90 пайызы электронды форматта қолжетімді. Қарапайым халықтың алтын уақытын үнемдеуде  электронды қызмет түрлерінің тиімділігі орасан зор.

Электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі құралы – электронды үкімет порталы. Құжаттарды ресімдеу уақытын, құжаттар тізбегін қысқартуды, композиттік немесе проактивті формада анықтама беру тәсілдерін, артық ресімдер мен келісімдерді қысқарту мәселелері тұрақты түрде жетілдірілуде. 447 мемлекеттік қызмет түрінің кейбір құжаттары мен мерзімін қысқарту қарастырылған. Бұл азаматтардың уақытын үнемдейді.

Е-gov - бұл мемлекеттік қызметтерді онлайн түрінде пайдалануға арналған портал. «Электрондық үкімет» термині барлық мемлекеттік органдардың басын біріктіріп, оларға интернеттің, электронды терминалдардың немесе тіпті ұялы телефондардың көмегімен тұрғындарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас жүйені білдіреді.

Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірі қызметінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімде 2 мыңнан астам ақпараттық қызмет көрсетіледі. Алайда портал тек ақпараттық ресурс қана емес, оның пайдаланушыларына мемлекеттік органдардың әр түрлі электрондық қызметтері ұсынылады.

Жүргізуші куәлігін алу мен көлік құралын тіркеу электронды өтінім арқылы қабылданады. Бұған дейін бір көлікті тіркеу 6 сағатқа созылса, қазір 1-2 сағат уақыт қана жұмсалады. Көлікті сату немесе сатып алуға 20 минут уақыт жеткілікті. Қағаз жүзіндегі құжаттар қажет емес. «Қазпошта» арқылы дайын құжат пен көлік нөмірін жеткізіп беру мүмкіндігі бар.

Электронды үкіметтің m-gov мобильді қосымшасын пайдалануға мүмкіндік бар. Бұл қосымшаны қазір 1,3 млн азамат тұтынып отыр.

Сонымен қатар азаматтардың электронды қызметтерді пайдалану деңгейін арттыру мақсатында 60/40 жаңа қағидатына сәйкес, фронт-офистердің кең ауқымды трансформациялануы жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдету үшін қызмет алушылардың жеке басын растаудың жаңа тетігі іске қосылды. Енді азаматтар қызметті бет-бейнесі немесе саусақ іздерінің көмегімен ала алады, соның нәтижесінде электронды цифрлық қолтаңба қолдану немесе жеке куәлікті ұсыну қажеттілігі жойылады.

Электронды қызмет - заманауи талап екенін біле жүргеніміз абзал.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 7-бабына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық Департаменттері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Осыған орай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысында кедергілер туындап немесе Сіздің заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қарағанды облысы бойынша Департаментінің әлеуметтік желілердегі парақшалары, жұмыс телефоны 8 (7212) 504-066 арқылы хабарласуларыңызға және тікелей Департаментке жүгінуге болады.

Ерден Сағындықов,

ҚР Мемлекеттік қызмет

 істері агенттігінің

Қарағанды облысы  бойынша

Департаментінің

 бас маманы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?