Жағымды жаңалық


28.11.2020

Бүгін #қысқа да нұсқа айдарында eGov.kz порталы арқылы үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі туралы сөз етпекпіз

Сонымен, ЭЦҚ немесе бір реттік жасырын сөз арқылы eGov.kz порталына кіреміз.

Бастапқы бетте көлік және коммуникация бөлімі батырмасын басыңыз – Коммуникациялар – Қызметтер – Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисін таңдап, төмендегі нұсқаулықты орындасаңыз болғаны.

Үшінші тұлғаға порталда авторизацияланып, “Онлайн сұрау” батырмасы бойынша өту қажет.

1қадам. Электрондық анықтамаға тапсырыс беру қажет жеке тұлғаның ЖСН енгізу және “пайдаланушыны тіркеудің бар болуын тексеру” батырмасына басу керек. Назар аударыңыз! Пайдаланушы сұрау салуды алған сәттен бастап 2 сағат ішінде сұрау салуды келісу (бас тарту) керек. 2 сағат өткеннен кейін пайдаланушының жауабы саналмайды.

2 қадам. Керек анықтаманы таңдап, ЭЦҚ-мен немесе смс-пароль көмегімен қол қою керек.

3 қадам. Жеке кабинетте («Қызметтер алу тарихы» бөлімінде) қызметті көрсету нәтижелерімен танысу.

Егер пайдаланушы үшінші тұлғамен электрондық анықтаманы алуын растаса, пайдаланушының атына алынған үшінші тұлға сұраған анықтама пайдаланушының жеке кабинетінде («Қызметтер алу тарихы» бөлімінде), егер пайдаланушы сұрау салудан бас тартса, пайдаланушының жеке кабинетінде («Кіріс» бөлімінде) үшінші тұлға тиісті ақпараттық хабарламамен хабарланады

«Азаматтарға арналған

үкімет» мемлекеттік

корпорациясы»

 коммерциялық емес

акционерлік қоғамының

Қарағанды облысы

бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету бойынша Бұқар жырау ауданының №1 бөлімі



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?