Ауру жұқпасын десек


13.08.2022

Елімізде ковид жұқпалы ауруы тағы да өрши бастады. Оған себеп – жазғы демалыс, адамдардың шет елдерге баруы, балалардың жазғы демалысы. Осыған байланысты алаңдаушылықтар туындап, билік басындағы адамдар өздерінің отырыстары, кеңес, мәжілістерін аты аталған жұқпалы аурумен жұмыла күресу жолына арнады.

Тамыздың үшінші жұлдызында еліміз бойынша коронавирусты инфекцияны жұқтырудың 1373 жаңа дерегі тіркелді. Қазақстан Республикасы бойынша 1 368 205 жағдай тіркеліпті. Аурудың өршуі бойынша бірінші орынға шыққандар – Қарағанды қаласынан 327 жаңа науқас, Нұр-Сұлтанда 301 және Алматыда 202 жағдай орын алған.

Республикамыздың бір бөлшегі – кішкентай ғана ауданымызда коронавирустық иенфекцияның 24 жағдайы тіркелді.

Тамыз айының 4-жұлдызында аудан әкімдігінде ауданымыздың бірінші басшысы Сержан Аймақовтың, медицина саласы қызметкерлерінің, мекемелер мен бөлім басшыларының қатысуымен аппарат кеңесі өткізілген болатын.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жеңіс Төлеуханов пен қосымша баяндамашы орталық аудандық аурухана басшысының міндетін атқарушы Айгүл Мергембаева аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндамаларын жасады.

Көкпектіде алты адам, Новоузенкада төрт адам, Ботақара кенті мен Баймырзада үш адамнан алты адам, Ғ.Мұстафин кентінде және Петровка ауылында екі адамнан, Гагарин, Тоғызқұдық және Самарқанд ауылдарында бір адамнан үш дерек тіркелген.

Адамдарды вакциналау ісі өте төменгі деңгейде, осы күні ішкі істер басқармасынан вакцина алуға жиырма қызметкер келуі керек болыпты.

Осы орайда ауданымыздың басшысы ауыл әкімдерінің жұқпалы дерт бойынша жұмыс атқармайтынын ортаға салды. Ең бірінші міндет ретінде әр ұжымдағы адамдардың вакциналануын бақылау, мекемелерге санитайзерлер қоюды ұйымдастыру, жұқпалы ауру таралмау үшін мынандай жұмыстарды атқарыңдар деген нұсқаулар беруді тапсырды. Вакцина алу туралы үш апта бойы айтылғанымен, әлі ешқандай жұмыстар жүргізілмей жатқаны байқалады. 

Көптеген әкімдер тұрғындармен екпе алу туралы жұмыстар атқармайды. Шілде айынан Керней, Көкпекті, Баймырза ауылдарында ешқандай жұмыстар байқалмайды. Осы мәселе бойынша Ерхан Есентаев, Айдын Досмақов, Ә.Жүнісова жауап берді.

Ковид ауруы – адамдар үшін, әсіресе жасы келгендер үшін қауіп  тудырады. Жасы келген адамдардың ішкі органдары жылдар өткен сайын әлсіреп, жұқпалы аурулар осы адамдар үшін үлкен қауіп төндіреді. Ішкі құрылысы әлсіреген адам аурумен күресе алмайды, сондықтан осы уақытқа дейін қаншама жақындарымызды, достарымыз, көрші-қолаңдарымызды жоғалтып алдық. Сондықтан, бұл аурумен күрес тоқтамастан жүруі керек деп ойлаймыз.

Осы күнгі отырыс аурумен күрес жолында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады.

Қ.Ахметова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?