Тәтті сыйлықтармен - балаларға



31.12.2020

Желтоқсан айының 30-да ауданымыздың тәжік-ауған соғысының ардагерлері елімізде жүріп жатқан «Біргеміз» челленджіне үн қосты.

Ол ең алғаш Орал қаласынан бастау алды. Қан майданды өз көздерімен көрген, өзге елдің халқын дұшпандарынан жан аямастан қорғаған олар бұрынғыдан қалыптасқан дәстүрлері бойынша көп балалы отбасыларға қуаныш сыйлауды мақсат етіп, балақандарға тәтті сыйлықтар сыйлады.

Бұл челлендж Қазақстанның үлкен қалаларының барлығында өтіп жатқанын айта кету орынды болар. Біздің кентіміздің азаматтары да бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, күнпарағымыздағы маңызды мерекелерде аудан тұрғындарының шаңырақтарына барып, атаулы мерекемен құттықтап, ақ тілектерін ақтарды.

Тәжік-ауған соғысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Нариман Жаукешев, Асқар Джумадильдинов отбасыларды аралап жүріп, Жомарт Мұқашев, Нұрболат Аяғанов, Наил Хайруллин, Махат Сыздықов, Мейірлан Досқариев сынды азаматтардың және өз  аттарынан пәк жүректі бүлдіршіндерге арнап сатып алған тәтті қораптарын сыйлыққа тартты.

Қаншайым Асқарова, Шержанов, Асқар Қаржаубаев т. б. отбасылардың балалары сыйлықтарға қатты қуанды, бал тілдерімен рахметтерін айтты.

- Біз қазіргі уақытта көпбалалы отбасыларға қиын екенін барлық жүрегімізбен сезінеміз. Қолымыздан көп  нәрсе келмесе де, түрлі мерекелерде отбасыларға кішкентай да болсын қуаныш сыйлағымыз келеді. Келе жатқа жаңа жылдағы челенджге де осылайша үн қосуды жөн көрдік, - дейді Нариман Жаукешев.  

Қ.Ахметова

Д.Торжановтың суреттерінде: Қ.Асқарова мен Шержановтарға сыйлықтар.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?