Балаларға тарту



18.06.2022

Ботақара кентінің стадионында 30 мамырда балаларды қорғау күніне орай дүбірлеген мерекелік шара ұйымдастырылды. “Асыл ана-2020“ қоғамдық қорының өнерлі балалары ән мен жырдан, биден шашу шашып, жиналғандардың көңілдерін көкке шарықтатты.

- Құрметті балалар, ата-аналар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Жас ұрпақ, сіздер аман болыңыздар.

Еліміз тыныш, деніміз сау болып, оқуда да, еңбекте де жетістіктерге жетейік, -деді қордың жетекшсі А.Байделдинова.

Осы күні балаларға тәттілер алу үшін демеушілік көмекті “Мир детства” ЖШС, Юрий Полохов, Артур Григорян, Ғалымжан Жақсыбаев, Әсем Жүнісбекова, “Ақ жол” демократиялық партиясы, Ермек Әбілдин, Ортай Нұрқазов, Қайрат Кеншембаев, Марина Шиллер, Дмитрий Глок, “Таймас” баспа үйі, Абылай мырза көрсеткен болатын.

Бұқар жырау ауданының әкімі С.Аймақовқа, орынбасары Әлия Шайкеноваға,  Абай Үмітбаевқа, Нұрбибі Еркінқызына, Жастар ресурстық орталығының басшысы Жансая Ахметжановаға, мәдениет үйінің директоры Қазбек Талашевқа алғысымды білдіремін, - дейді “Асыл ана” қорының мүшесі Айгерім Усина.

 

Жазып алған

Қ.Ахметова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?