Аға ісін жалғастыру жолында


11.06.2022

Қаражар ауылының өзіне тән үлкен тарихы, жүріп өткен жолы бар.

Ауыл басшылығында Бақыт Аманұлы Рақышев болған жылдары аудан, облыс көлемінде астық өндіру, ет, сүт және көкөністерді көптеп жерге сіңіріп, молшылық жасау жолындағы қол жеткізген жоғары көрсеткіштер үшін бірнеше мәрте социалистік жарыстың жеңімпазы болғанын айтады ауылдың байырғы тұрғындары. Қаражар орта мектебінде абыройлы болып, директор қызметінде еңбек еткен Халиолла Байбақытты, бас зоотехнигі қызметінде көп жыл еңбек атқарған Галина Пименова, Волховский бөлімшесінің меңгерушісі Вячеслав Матвеюк сынды білікті де білімді мамандар, Андрей Краус, Леонид Череватенко, Леонид Боровской, Григорий Косовских, Раиса Косовских, Владимир Бордюков, Михаил Рыбаков  -  бүгінде екеуі де “Шаушен” ЖШС жұмыскерлері, Вячеслав Матвеюк, мал дәрігері     Наталья Отрубленко, агроном Владимир Шалапановтардың есімі ауылдың тарихи жылнамасында алтын әріптермен жазылған. Асыл, Қаражар, Волховский ауылдарында бүгінде көзі тірі, немерелерінің тәтті қылықтарын қызықтап отырған зейнеткерлермен жүздесіп, сұхбат құрғанын айтады бізге Тәліпбек аға Шақбаев.

Бұл кісі бүгінде 75 жастағы зейнеткер, Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов атындағы ауданнның құрметті ардагері, Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары лауазымында еңбек атқарып, 2010 жылы жасы келуіне байланысты зейнеткерлік демалысқа шыққан адам. Ауыл шаруашылығындағы үзіліссіз еңбек өтілі 60 жыл екен. Зейнетке шыққан 2010 жылдан бері “Шаушен” шаруа қожалығы басшысының көмекшісі, бір басында үш бірдей - ветеринар, зооинженер, ветсанэксперт деген мамандығы бар ерекше білімді жан.

Ең алдымен инвестор деген кім деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Ол ең алдымен үнемі табыс табуға, күрделі қаржысының қауіпсіз болуына және капитал құнының өсуіне мүдделі. Олар екіге бөлінеді, шетелдік заңды тұлғалар, шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар мен шет мемлекеттер.

Ұлттық инвестор - Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, тұрған жерінде инвестицияны жүзеге асыратын жеке не заңды тұлға.

Мамыр айының жаныңды жадыратар күндерінің бірінде Қаражар ауылына жол тарттық. Ауылдың әкімі - нәзік иығына ер-азаматтың жүгін артып, қажырлылықпен еңбек етіп жүрген Сымбат Боранбайқызы Кенжекеева, Тәліпбек ағамен кездесіп, шаруашылықтың тұрған жеріне бардық. Мал ұстау, бордақылау үшін бұл жерде көптеген жаңарту жұмыстары жүргізіліпті. Басшының кеңсесі, жұмыскерлер тұратын баспана да көңілге қонымды, асхана ішінен небір дәмді тағамдар иісі бұрқырап жатыр.

Осыншама жұмыстың барлығы неден басталғанын бізге Тәліпбек аға әңгімелеп берді.

- 2019 жылдың 6-мамырында  “Шаушен” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастырушысы, Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданының тумасы Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлы еді. Шаруашылықтың іргетасы қаланған 1998 жылы әкесі Әліқұлдан еншісіне тиген 200 бас қой-ешкі 2018 жылы 50 000 басқа, 15 бас жылқысы

2 500  басқа жетіп, 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті. Егін шаруашылығын да назардан тыс қалдырмай жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді, - дейді өткен жылдарға көз тастап.

Жерге сіңірілген дәннен  аумағы 12 000 га - астық алынып, молшылық жасалды.

Әрқашанда адал еңбек етіп, адал дәм ішкен адамның шоқтығы биік болады. Арада 20 жыл өтіп, осы дүбірі еңбек иесінің әулеті Бұқар жырау ауданының Қаражар ауылдық округі аумағынан жер көлемін алып, әлеуетті инвестор болып келеді.

Біз шаруашылықтың тұрған жерін аралап көрдік. Бұл жерде жылқы малы бордақыланады, бие мен сиыр сауылады. Осы жұмыстарды атқару үшін керекті ғимараттардың барлығы, азығы, дәрумендері бар. Жұмыскерлер үшін де керекті жағдайдың барлығы жасалғаны көрініп тұр.

2018 жылы Сайрамбай Әліқұлының еңбегі мемлекет тарапынан бағаланып, Қазақстан Республикасының “Еңбек ері“ атағы мен “Отан” ордені кеудесіне тағылады. Бұл кісі дін жолында жүрген, аузынан Алласы, қолынан құраны түспеген адам екен. Ислам парыздарының барлығын орындауға бетін бұрған ол жылына бір рет малының бір бөлігін мұқтаж адамдар мен балаларға, туған ауылы мен елінің мұқтаждығына беруім парыз деп түсініп, жақсылық жасап жүрген азамат болған. Екі-үш жылдағы зекет малы есебінен  өзінің шыр етіп өмірге келіп, кіндік қаны тамған Жарлысу деп аталатын елді мекенде саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, ашаршылық жылдарының құрбаны болған, Ұлы Отан соғысындағы қанды майданда қаза болған, соғыстан оралмаған жауангерлерге саябақ салдырыпты.

Әр түлектің жүрегінде мектебінің мәңгілік сақталары сөзсіз. Өзінің әріп танып, ұшып шыққан ұясына тағзым жасап, заманауи үлгідегі қырық орындық интернат, ауылдың бүлдіршіндері үшін 90 орындық балабақша, 100 адам бір мезгілде құлшылық ететін мешіт  және 200 адамға арналған  асханасын салып, адамдарға пайдалануға берді.

Ата қонысы болған Қарабұлақ жайлауында “Тау қымыз” сауықтыру кешенін заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіп, қазіргі таңда ол жерде физио, гидромассаж секілді арнайы бассейні жұмыс жасап, адамдардың денсаулығын нығайтуға әсерін тигізуде.

Адам қолы жеткен жетістіктермен тоқтап қалмайды, ол алға қарай жүреді, тәжірибесін молайтады, оны өзінің жұмысында қолданады.

- Сайрамбай Әліқұлұлының шаруашылық жүргізу, әлеуметтік және өндірістік құрылыстар саласындағы жинаған мол тәжірибесі, әсіресе қой шаруашылығындағы Еділбай қойын өсіретін асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға алып келді. Сәкен Сейфуллин атындағы ауыл шаруашылығы университетінің профессоры, академик, ғылым докторы Қазиханов Рашидтың басшылығындағы жүргізілген малдың тұқымын асылдандыру жұмыстары жемісін беріп, жоғары бағаланды, - дейді Тәліпбек аға.

2019 жылдың мамыр айында ұжым Қаражар ауылының жеріне Супер Элита, Элита репродукциясының 600 тоннна тұқымын сіңірді. Биылғы жылы  жоспарлаған 7000 га жерге арпа, бидай себуді қолға алды. Жуырда тасаттық беріп, құрбандық шалып, көктен жауын сұрады. Алдағы уақытта шаруашылықтың суармалы алқаптарын қалпына келтіріп, халықтың жоғары сұранысына ие картоп, басқа да көкөніс сіңіру тұр. Және  астық тұқымдарын қыста сақтайтын қоймаларды толығымен жөндеуден өткізу мен комбайндар мен тракторлардың шеберханаларын жөндеу жұмыстары жүргізілуде екенін көрдік.

Ауылға кіре беріс жерде Алланың үйі - мешіттің орнын құйып, мектеп оқушыларына домбыра сыйлап, осы уақытта біршама жұмыстар атқарып жүрген шаруашылық басшылары аяғымызға нықтап тұрып алайық, ауылдың тұрғындарына көмегімізді береміз дейді.

“Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” дейді халық даналығы. Қазіргі жастардың басым көпшілігі қызмет еткісі келеді, малдан, жалпы ауыл шаруашылығынан сырттап жүреді. Елімізде механизатор, техника мамандары, дәнекерлеушілер т. б. жетіспейді. Ал заңгерлер, есеп мамандары өте көп, оларға жұмыс орындары жетіспейді. Береке мен молшылықтың бастуы - жер ана мен мал шаруашылығы екеніне ата-бабаларымыздың бағзы заманнан көзі жеткен. “Асық ойнаған азар, қой бағып, көтен жеген озар” дегенді де бала кезімізде көп естдік.

Еңбек адамы елімізде әрқашан құрметке бөленеді. Қаржысын ата баба кәсібіне салып, отбасына, жеріне салып, азық-түлік молшылығын жасауға жұмылған ұжымның бір-біріне деген құрметі ерекше. Бір-бірімен үнсіз түсініскен ұжымның алар асулары алда  деп ойлаймыз.

Жер жаһанды құрсауына алған ковид жұқпалы ауруы асыл аға Сайрамбай Әліқұлұлын ортамыздан алып кетті. Ол кісінің бастаған шаруасын осы ұжым мүшелері жалғастырып, сайын далада ерен еңбек дүбірін қыздыруда. Атқарушы директор лауазымында қызметте жүрген Сержан Қобыланұлы да өзінің үлкенге деген құрметімен, еңбекке деген құштарлығымен, адамдарға деген жанашырлығымен, ауыл шарушылығына деген жанашырлығымен жүрегімізден орын алды. Істеріңізге сәттілік, дендеріңізге саулық тілейміз.

Қ.Ахметова

 

Д.Торжановтың суреттерінде: шаруашылықтың дүбірлі еңбегі сәттерінен.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?