Қарағандыда тағы бір заманауи ферроқорытпа зауыты мен агломерациялық фабрика салынады


23.12.2020

Қарағандыда тағы бір заманауи ферроқорытпа зауыты мен агломерациялық фабрика пайда болады. Жоба Бизнестің жол картасы - 2025 бағдарламасына енгізілген. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 57 мың тонна ферроқорытпаны және 240 мың тонна агломератты құрайды.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған нысандардың құрылысы басталды.

- Жаңа зауыт өнімдеріндегі қазақстандық қамту үлесі 100% құрайтыны өте маңызды фактор болып табылады. Әлемдік жоғары сапа талаптарына сәйкес келетін өндірілетін өнім толығымен экспортқа бағдарланатын болады. Негізгі тұтынушылар АҚШ, Еуропа, Жапония, Корея, Түркия және ТМД елдері болады. Осыған байланысты аталған жобаны іске асыру еліміздің экспорттық әлеуетін арттырып қана қоймай, ұлттық экономиканың дамуына үлес қосады. Жобаның бірегейлігі зауыт экологиялық таза болатындығында: өндіріс процесінде мұнда ауаны ластамайтын газ тазарту жүйесі қолданылады және Қалдықтардың пайда болуын азайту және оларды қайта пайдалану қағидаттарының арқасында қоршаған ортаға ең аз әсер етеді. Зауыт құрылысы кезеңінде 1000-нан астам жұмыс орны құрылады, ал құрылыс аяқталғаннан кейін 400 отандасымыз тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте бізде осындай зауыттарды салу тәжірибесі бар екенін атап өткім келеді, - деді "Qaz Carbon" ЖШС құрылтайшысы Ерлан Нығматулин.

Жаңа зауыттың құрылысы шеңберінде Индустрия 4.0, экономиканы технологиялық жаңғырту және өнеркәсіпті цифрландыру бағдарламасының барлық параметрлеріне сәйкес келетін әлемдік технологиялық әзірлемелерді қолдану және жаңа жабдықтарды орнату жоспарлануда. Өндіріс процесі толығымен автоматтандырылады.

- Қарағандыдағы жаңа ферроқорытпа зауытының табысты жұмысы - бұл Қазақстанның металлургия өнеркәсібін дамытудың үлгісі ғана емес, сонымен қатар елдің инвестициялық тартымдылығының жоғары көрсеткіші. Мемлекет тарапынан инвесторлар үшін нақты ойластырылған функционалдық сервис осындай жобаларды іске асыруға қосымша ұмтылыс береді. Жаңа ферроқорытпа зауытының өнімдері де әлемдік нарықта сұранысқа ие болады деп нық сеніммен айта аламыз. Ол сапа саласындағы қазақстандық қана емес, әлемдік өлшемдерге де сәйкес келеді, - деп түсіндірді "Qaz Carbon" ЖШС шетелдік құрылтайшысы Давид Кемертелидзе.

Зауыт пен фабрика құрылысының жалпы құны - 36,8 млрд теңге. Қазақстан Даму Банкінің (ҚДБ) қаржыландыру сомасы 29,6 млрд теңгені, "Qaz Carbon" ЖШС-нің меншікті салым сомасы 7,2 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте, жобаның экспорттық бағдарлануын ескере отырып, "Qaz Carbon" ЖШС 11,5 млрд теңге сомаға қарызды сақтандыру арқылы "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ тарапынан қолдау алды, бұл еліміздің екі қаржы институтының ("Бәйтерек"холдингінің еншілес құрылымдары) табысты синергиясының көрсеткіші болып табылады. ҚДБ-ның кредиттік қаражаты құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жоғары технологиялық жабдықты сатып алуға бағытталатын болады.

- Жоба банктің мандатына үш негізгі бағыт бойынша сәйкес келеді: импортты алмастыру, экспорттық әлеует және жоғары өнімділік. Ол Қарағанды өңірінің дамуына айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық ықпал етеді және қазақстандық өңдеу секторының дамуына ықпал етеді. Кәсіпорын құрылысы қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмайтын өндіріске үздік халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды енгізу бойынша жоғары деңгей қояды. Сондықтан зауыт пен фабрика еліміздің басқа да ұқсас кәсіпорындары үшін бенчмарк болатынына сенімдімін, - деп атап өтті ҚДБ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов.

Осындай ауқымды жобаны іске асыру ел Президентінің инвестицияларды тарту және осы саладағы еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға тікелей ықпал етеді.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?