Ерен еріктілік


31.12.2021

Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Urgrade» жастар фестивалі өтті.

Фестиваль барысында үздік жастар әртүрлі марапатқа ие болды.  Үлкен табандылық пен ерік-жігерді талап ететін осындай уақытта еріктілер қатарынан табылып, қайырымдылық істердің басы-қасынан көріне білу - зор адамгершілік пен азаматтық қасиеттің белгісі.

Ақысыз еңбекпен мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қоғам дамуы жолында мейірімділік пен ізгілік танытып жүрген облыстың ең белсенді еріктілері Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Біржан Әлімжановтың  «Алғыс хатымен» марапатталды.

Марапатталғандардың ішінде Бұқар жырау аудандық мәдениет үйіне қарасты «Зерде» жылжымалы мәдени-сауық кешенінің жетекшісі әрі «Үзілмес үміт» еріктілер тобының ең белсенді мүшесі Жанұзақ Макишевтың болғаны баршамызды қуантты.

Марапат иесін шын жүректен құттықтай отырып, отбасына бақ-береке, шығармашылық табыс тілейміз. Алар сарқылмасын!

Қ.Ахметова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?