Азаттық таңы ой салды


18.06.2022

Жуырда аудандық мәдениет үйінің ғимаратындағы коворкинг залында “Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары” тақырыбында Ботақара кентіндегі қос мектеп - С.Торайғыров атындағы тірек мектебі мен Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің ұстаздары мен жоғары сынып оқушыларының, архивтің, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, музей мен кітапхана, “Балдәурен” балабақшасы, жастар орталығы қызметкерлерінің белсенді қатысуымен, Бұқар жырау аудандық мемлекеттік архивінің басшысы Д.Шибаеваның төрағалығымен тартымды шара өткізілді.

Алаш туының астында азаттықтың ақ таңы атқалы  да біршама уақыт өтіпті. Егемендік алып ес жиғалы жеткен жетістік пен жеңісте есеп жоқ. Әлі де болса шешілуі қажет міндеттеріміз бар алдымызда.

Тәуелсздіктің қазаққа қанмен,  жанмен  келгенін  бәріміз де жақсы білеміз. Қадірін түсінетіндер тәубесін айтып, көк аспанымыздың астында көк туымыздың желбірегеніне қарап, шадыман шаттықта өмір сүріп жатырмыз.  Тәуелсіздік - тәңір сыйы.  Ата-бабаның асқақ арманының жолында ұлағатты ұрпақ өсіп келе жатыр. Тәңірден келген тәтті сыйдың еңсесін  биік ұстау өз қолымызда.

Тақырыбына сай кездесуде С.Торайғыров атындағы  тірек мектебінің ұстазы Нұрбек Тұрғамбеков, “Ахмет Байтұрсынов - ұлттың ұлы ұстазы” тақырыбында, Бұқар жырау аудандық мемлекеттік архивінің архившісі Қарлығаш Жапарова, “Әлімхан Әбеуұлы Ермеков - Алашорда үкіметінің мүшесі” тақырыбындағы баяндаманы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің ұстазы Аметхан Бекболат оқыды.

Осы үш баяндаманың мәні мен мағынасы - ұлтымыздың тәуелсіздігіне  көз жүгірту, өткен және бүгінгі өмірімізді саралау, қоғамның бетбұрысына баға беру болатын.

Қазақстан - тәуелсіз ел.Талай қас батырлар жанын қиып, талай өзегі өртенген өкініштегі жандар, қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз - Қазақстан!

“Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді” деген даналық әрдайым есімізде сақталса дейміз.

Тәуелсіздік - ұлттың, тілдің, дәстүр мен салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Баршаға ол арман болатын. Жер бетінде қаншама ұлт болса,  сонша арман болары ақиқат. Сол арманына біздің халқымыз жетті деген ойдамыз.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн,  бірліктің, ынтымақтастық пен  татулықтың күні. Мемлекетіміздің  тәуелсіздігі - ең алдымен халқының қуанышы, бақыты.  Бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатын жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриотттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек екендігіне тоқталды баяндамашылардың барлығы.

Бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатын жоғалтпай,  әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек.

Тәуелсіздік - ұлы ұғым. Бұл - жақсы өмір сүруге алған құқығың. Жер бетінде өміріңді бейбіт елде өткізуге не жетеді?!  Тәуелсіздік  әрбір адамның өмірімен біте қайнасып жатады. Тәуелсіздік жолында құрбан болған әр қазақ  жеке басынан күллі жұртты  биік қойған.

Аудандық мәдениет үйінің өнерпазы Ардақ Жұманов шараның шырайын әсем әндермен кіргізіп, жүректі толқытты.

Осы күнгі шарадан осындай ой қорытып қайттық. Әрбір оқылған баяндама, көз алдыға әкелінген әрбір көрініс - ой салды, қуантты, жүрегіңе мақтаныш сезімін әкелді. Өмірімізді нұрландыратын осындай тағылымды шаралар көптеп өткізілсін дегіміз келеді.

Қ.Ахметова

Д.Торжановтың суретінде: көрмені тамашалау.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?